preloader

Жаңалықтар

РАЙЫМБЕК АУДАНЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

РАЙЫМБЕК АУДАНЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2026 жылғы 19 қарашадағы  бұйрығына сәйкес Айдар  Сапарбаев Райымбек ауданының бас имамы болып тағайындалды.

Осыған дейін Қонаев қаласындағы «Іле Алатау» мешітінің имамы қызметін атқарған Айдар Сапарбаев 2026 жылдың 20 қарашасынан бастап Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінің бас имамы қызметіне кірісті.Сонымен қатар Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Әбдіқадыр Ақжол Нұрбосынұлы аудандық мешітте «Құмар ойын құрдымға жығады» тақырыбында жұма уағызын айтты.Сондай-ақ Ақжол Нұрбосынұлы жаңадан тағайындалған бас имам Айдар Сапарбаевты Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Дидар Нұрболұлы Мұхамеджановқа таныстырды.

Жаңадан тағайындалған ауданның бас имамына жауапты қызметінде сәттілік пен береке тілейміз.