«Рамазан – Құран айы» атты жарыс ұйымдастырылды
Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданында «Рамазан – Құран айы» атты жарыс ұйымдастырылды.
Өскелең ұрпақты ізгілікке бастау, олардың қасиетті Құранға деген қызығушылығын арттыру мақсатында жүзеге асқан байқауға 12 жасқа толмаған 53 шәкірт қатысты.
І орын иеленген жеңімпазға кір жуғыш машина, ІІ орын алған шәкіртке велосипед, ал ІІІ орын алған шәкіртке ұялы телефон сыйға берілді. Өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.