preloader

Жаңалықтар

«Рамазан сүйіншісі»: 20 отбасыға қайырымдылық жасалды

«Рамазан сүйіншісі»: 20 отбасыға қайырымдылық жасалды

Алматы облысы Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешіті дін қызметкерлерінің және «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілдігінің мұрындық болуымен «Рамазан сүйіншісі» атты ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ізгі шараға Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілі Ринат Маратұлы және дін қызметкерлері қатысты.

Нұрдәулет Тоқанұлы жиналған көпшілікке Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ыстық сәлемін жеткізіп, келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Ринат Маратұлы өз кезегінде бұл шараның мән-мағынасын түсіндіріп, берекелі Рамазан айында да осындай қайырымдылықтардың жалғасатынын айтып өтті.