preloader

Жаңалықтар

«Сманқұл» мешіті: Волейбол жарысы ұйымдастырылды

«Сманқұл» мешіті: Волейбол жарысы ұйымдастырылды

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Алматы облысы Іле ауданы Н. Тілендиев ауылдық «Сманқұл» мешітінің ұйымдастыруымен волейболдан жарыс өтті.

Ауыл халқын бұқаралық спорт арқылы біріктіру, салауатты өмір салтын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында өткен спорттық шараға мешіт жамағаты, № 26 орта мектеп ұстаздары, оқушылар және сарбаздардан құралған 4 команда қатысты.

Жарыс соңында «Сманқұл» мешітінің имамы Сәкен Еншібайұлы жүлделі орын алған командаларға кубоктар, медальдар және алғыс хаттарды табыс етті.