preloader

Жаңалықтар

«Тайқазан» қайырымдылық шарасы: 230 отбасыға көмек көрсетілді

«Тайқазан» қайырымдылық шарасы: 230 отбасыға көмек көрсетілді

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Тайқазан» жобасының кезекті ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының бастамасы аясында «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 230 отбасыға (көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар, Ауған соғысының ардагерлері) бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.

Мешіт ұжымы осы қайырымдылыққа қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін. Әмин!