preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданының мешіттері 150 отбасыға «Рамазан қоржынын» үлестірді

Талғар ауданының мешіттері 150 отбасыға «Рамазан қоржынын» үлестірді

ҚМДБ қызметінің дәстүрлі бағыттарының бірі – қайырымдылық екені баршамызға мәлім. Осы орайда Алматы облысы Талғар ауданына қарасты мешіттер қайырымдылық шараларына ерекше мән беруде. Бұл үрдіс қасиетті Рамазан айында да жалғасын табуда.

Айлардың сұлтанының құрметіне орай Талғар ауданына қарасты құлшылық үйлері жергілікті 150-ге жуық әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың көңілдеріне қуаныш сыйлап, тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу үшін «Рамазан қоржындарын» үлестірді.

Жабырқаған жанның жанынан табылып, қолдау көрсете білу — адамгершіліктің бір үлгісі. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» қағидасын ту еткен дін қызметкерлері осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра бермек.