preloader

Жаңалықтар

«Үш қоңыр» медресе-колледжінің студенттеріне ауызашар берілді

«Үш қоңыр» медресе-колледжінің студенттеріне ауызашар берілді

Қарасай ауданы дін қызметкерлері және «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Үш қоңыр» медресе-колледжінің студенттеріне ауызашар дастарқаны жайылды.

«Шарапатты Рамазан» шарасына қатысқан Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы және «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Ринат Маратұлы шәкірттерді Рамазан айымен құттықтады.

Алла Тағала осы ауызашарды ұйымдастырған және оған үлес қосқан әрбір жомарт жанға пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйіншілегендей ораза тұтушының сауабын нәсіп еткей!