preloader

Жаңалықтар

Жамбыл ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Жамбыл ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында ​ болды.​

Жұма намазының алдында​ облыс бас имамы​ Мадияр Тағайбайұлы құлшылық үйінің ұжымы және жамағатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған аудан имамы Тойчибаев Бақыт Абдиисламұлын таныстырып,​ қызметіне сәттілік тіледі.​ Сондай-ақ, облыс бас имамы бірнеше жыл бойы​ Жамбыл ауданының бас имамы болып қызмет атқарған​ Исламханов Қалжан Әрібжанұлын​ алғыс айтып, ризашылығын білдірді.​

Бұдан бөлек, облыс бас имамы​ Мадияр Тағайбайұлы «Біз және ғаламтор» тақырыбында жұма уағызын айтып, көпшілік қауымды әлеуметтік желілерді қолдану кезінде әдептен озбай, өсек пен ғайбат, нала мен жала жабу секілді жағымсыз әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Бақыт Абдиисламұлы бұған дейін Ақтөбе облысы Шалқар ауданының бас имамы, Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылдық «Халифа қажы Алтай» мешітінің имамы болып қызмет атқарған білікті де білімді дін қызметкері.