preloader

Жаңалықтар

Жаңа Текес ауылында мешіт ашылды

Жаңа Текес ауылында мешіт ашылды

Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Жаңа Текес ауылында сәні мен сәулеті жарасқан жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті.

Қасиетті жұма күні жүзеге асқан ашылу рәсіміне Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, дін қызметкелері, жергілікті ақсақалдар және елдімекен тұрғындары қатысты.

Алғы сөз алған Мадияр Тағайбайұлы іс-шараға жиналған қауымды құттықтап, жаңа мешітке имам болып тағайындалған Сыдық Жансанбайды таныстырды.

Осыдан кейін облыс бас имамы уағыз-насихат айтып, көпшілікпен бірге құлшылық үйінде алғашқы жұма уағызын оқыды.