preloader

Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында жасөсіпірімдер арасында Құран жарысы өтті

Еңбекшіқазақ ауданында жасөсіпірімдер арасында Құран жарысы өтті

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық «Имам Мұхаммед» мешітінде жас балақайлар арасында Құранның соңғы 15 сүресін жатқа әрі тәжуид ережелеріне сай оқудан жарыс ұйымдастырылды.

Өскелең ұрпақты ізгілікке бастау, олардың қасиетті Құранға деген қызығушылығын арттыру мақсатында жүзеге асқан байқауға 45 шәкірт қатысты.

І орын иеленген жеңімпазға кір жуғыш машина, ІІ орын алған шәкіртке велосипед, ал ІІІ орын алған шәкіртке ұялы телефон сыйға берілді. Өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.