Алматы облысында «Muftiyat» баспасының кітаптарын насихаттау шарасы өтті
Алматы облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау, таныстыру және үлестіру шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушыларға «Muftiyat» баспасынан жарық көрген бірқатар құнды еңбектер таныстырылды. Атап айтқанда, «Дін мен дәстүр ІІІ», «Ислам энциклопедиясы», «Үміт сәулесі», «Исламдағы сауда-саттық», «Мақтаулы Мұхаммед», «Ихсан», «Пәтуалар жинағы», «Жұма уағызы», сондай-ақ «Бабалар ізімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты кітаптар көпшілік назарына ұсынылды.
Айта кету керек, бүгінде ҚМДБ-ға қарасты «Muftiyat» баспасы 60-тан астам түрлі тақырыптағы кітаптарды жарыққа шығарған. Бұл еңбектер діни, рухани, тәрбиелік, мәдени және тарихи бағыттарды қамтиды.
Шара соңында дін қызметкерлері мен жиналған оқырмандар кітаптарды насихаттау ісі қоғамның рухани дамуына зор үлес қосатынын атап өтті.



