ТАЛҒАР АУДАНЫНДАҒЫ МЕШІТТЕРДІҢ ДІНИ ӘДЕБИЕТТЕР ҚОРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Алматы облысы Талғар ауданындағы мешіттердің діни әдебиеттер қорына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – мешіттерде діни сараптамадан өткен сенімді әдебиеттердің болуын қадағалау, жамағатқа дұрыс діни ақпарат ұсыну және күмәнді діни мазмұндағы материалдардың таралуына жол бермеу. Зерделеу жұмыстары барысында Талғар ауданының бас имамы Ринат Маратұлы мешіттердегі кітап сөрелерінің жай-күйіне назар аударып, ҚМДБ-ның «Муфтият» баспасынан жарық көрген діни әдебиеттердің қолжетімді болуына мән берді. Сонымен қатар ауыл имамдарына жамағат арасында сенімді діни ақпарат көздерін пайдаланудың маңызын түсіндіру және ҚМДБ ұсынған діни әдебиеттерді кеңінен насихаттау жөнінде тапсырмалар берілді. Бұдан бөлек, ауданның бас имамы 2027 жылға арналған «Иман» журналы мен «Мұнара» газетіне жазылу жұмыстарын жандандырып, аталған басылымдарды жамағат арасында насихаттауды тапсырды. Мұндай жұмыстар мешіттердегі діни әдебиеттер қорының сапасын арттыруға, жамағаттың діни сауаттылығын нығайтуға және сенімді ақпарат көздерін кеңінен танытуға бағытталған.
ч


