preloader

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙДА АУДАН ИМАМДАРЫНЫҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ҚАРАСАЙДА АУДАН ИМАМДАРЫНЫҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Алматы облысы Қарасай ауданында ауданға қарасты мешіт имамдарының алқалы жиыны өтті. Жиын барысында жаңадан тағайындалған ауданның бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы мешіт имамдарымен танысып, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарын айқындады.
Бас имам өз сөзінде діни қызметтің сапасын арттыру, мешіт жұмысын жандандыру және жамағатпен байланысты нығайту мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар ҚМДБ-ның негізгі жұмыс бағыттары аясында жүйелі әрі нәтижелі қызмет атқарудың маңыздылығын атап өтті.
Атап айтқанда, «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Дәстүр және отбасы», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берілді. Осы бағыттар аясында уағыз-насихат жұмыстарын күшейту, халықтың діни сауатын арттыру, ұлттық дәстүрлер мен отбасы құндылықтарын дәріптеу, жастар арасында рухани-тәрбиелік жұмыстарды жандандыру және жат діни ағымдардың алдын алу шараларын жүйелі жүргізу міндеттері белгіленді.
Сондай-ақ жиында аудан мешіттеріндегі діни қызметтің ұйымдастырылуы, имамдардың өзара ынтымақтастығы, жамағатпен жұмысты жетілдіру және алдағы жоспарларды бірлесе жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Алқалы жиын қорытындысында дін қызметкерлері ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс жүргізіп, ҚМДБ тапсырмалары мен бекітілген жоспарлардың сапалы орындалуына басымдық беру қажеттігі айтылды.
Жиын аудан көлеміндегі діни жұмыстарды үйлестіруге, имамдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және халыққа көрсетілетін рухани қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталды.