БАЛҚАШ АУДАНЫ: «Әке – отбасының тірегі» атты кездесу өтті
Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде ұстаздар мен студенттерге арналған «Әке – отбасының тірегі» атты кездесу өтті. Іс-шараға аудандық мешіттің наиб имамы Досымбаев Азат қатысып, отбасындағы әке рөлі мен бала тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы айтты.
Кездесудің мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу және оқыс оқиғалардың алдын алу жайында маңызды ақпарат жеткізу болды.
Жиналғандар кездесуден пайдалы мәлімет алып, ризашылықтарын білдірді. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жастардың сана-сезімін қалыптастырып, қоғамдағы жауапкершілікті арттыра түседі.



