Үшқоңыр медресесі жаңа діни әдебиеттермен толықты
Алматы облысы Ұйғыр ауданының бас имамы Үшқоңыр медресе-колледжіне арнайы келіп, «Зекет және қайырымдылық» бағыты бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасынан жарық көрген бірқатар құнды діни кітаптарды сыйға тартты.
Бұл игі бастама жас шәкірттердің рухани дүниетанымын кеңейтіп, діни білімін тереңдетуге зор мүмкіндік береді.
Медресе ұжымы мен шәкірттері бас имамға алғыс білдіріп, осындай рухани қолдау ісі алдағы уақытта да өз жалғасын табарына сенім білдірді.



