preloader

Жаңалықтар

Қапшағай орталық мешітінде ихсан тақырыбында уағыз айтылды

Қапшағай орталық мешітінде ихсан тақырыбында уағыз айтылды

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Берденұлы Мансұров Алматы облысына жұмыс сапары аясында Алматы облыстық “Қапшағай” орталық мешітінде құптан намазы алдында жамағатқа ихсан тақырыбында уағыз айтты.

Кездесу барысында ұстаз ихсан ілімінің мұсылман өміріндегі мән-маңызына тоқталып, көркем мінез, әділдік пен жақсы қарым-қатынас – ихсанның басты көрінісі екенін атап өтті.

«Ихсан – адам мен Алланың арасындағы рухани байланыс. Кімнің жүрегінде ихсан болса, оның сөзі де, ісі де көркем болады. Әр ісімізде әділдік пен ізгілік танытсақ, қоғам да түзеледі», – деді Батыржан Берденұлы өз уағызында.

Жамағат рухани насихаттан үлкен әсер алып, ұстазға алғыстарын білдірді.