Пайғамбар өмірінен тағылым алды
«Бір айда бір кітап оқы» жобасы аясында Жақсылық Үшкемпірұлы мешітінде жамағат арасында Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өмірбаянына арналған «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы бойынша танымдық сайыс өтті.
Шараның мақсаты – жастарды сүннетке сай өмір сүруге үндеп, кітап оқу мәдениетін дамыту және рухани білімге ынталандыру болды. 40 сұрақтан тұратын сайыс барысында қатысушылар пайғамбарлық өмірден тағылым алып, өз білімдерін сынады.
Нәтижесінде:
1-орын — Алданазар Иманали Марксұлы және Жуманова Алма (30 000 тг),
2-орын — Жумақанова Сабина және Бахбергенова Айдан (20 000 тг),
3-орын — Утежан Айару (10 000 тг) марапатталды.
Жобаны Алматы облысы жастар ісі секторының жауапты маманы, Жақсылық Үшкемпірұлы мешітінің имамы Құдайберген Шохан ұйымдастырды.
Мұндай игі бастамалар жастардың имани білімге қызығушылығын арттырып, рухани ортаға серпін беруде.



