РАНТ мүшесі Серікхан Рымханұлы Ахмадиевтің Қонаев қаласына сапары
РАНТ мүшесі Серікхан Рымханұлы Ахмадиев Қонаев қаласындағы №32363 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаздармен арнайы кездесу өткізді. Жиын барысында ол Отанды сүю, ел мен жерге адал қызмет ету – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті.
Сонымен қатар, сарбаздарға жат ағымдардың ықпалына түспеудің маңызын түсіндіріп, ата-баба дәстүрімен сабақтасқан ислам құндылықтарын дұрыс ұстануға шақырды. Кез келген діни сауал туындаған жағдайда мешіт имамдарына жүгініп, тек сенімді дереккөздерден ілім алу қажеттігін айтты. Осы ретте ол muftyat.kz сайтында және сараптамадан өткен өзге де кітаптарда дұрыс діни білімнің қолжетімді екенін жеткізді.



