АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ОТЫЗЫНШЫ ПАРАДАН ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ
ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай Алматы облысы, Талғар ауданы Төңкеріс ауылында діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында отызыншы парадан Құран жаттау сайысы өтті. Ізгі шара облыстың бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының құттықтау сөзімен ашылып, қасиетті Құран оқылумен басталды.
Байқауға 7 мен 16 жас аралығындағы отыз алты үміткер қатысып, өзара бақ сынады.
Қазылар алқасы құрамында:
Нираков Абдунасир Тайырұлы – Алматы облыстық Қапшағай мешітінің қариы;
Жанат Еризаш Жанатұлы – «Нығмет» мешітінің ұстазы, қари;
Рахимов Абдухалық Абдумажитұлы – Қарасай ауданы «Сманов Абдуғаппар» мешітінің имамы, Алматы облысы бойынша Құран секторының жауапты маманы.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
Бас жүлде (1-орын) – Дияр Дарханұлы,
сыйақы мөлшері – 150 000 теңге.
2-орын – Айбек Болатұлы,
сыйақы – 100 000 теңге.
3-орын – Бабажанов Мұхаммадюсуф,
сыйақы – 50 000 теңге.
Ынталандыру сыйлықтары – Ерасыл Ұланұлы және Абдурахман Азаматұлы,
әрқайсына – 30 000 теңгеден табысталды.
Сондай-ақ көрермен көзайымы атанған жас қари Серікбай Абсаттарға жиырма мың теңгелік арнайы сыйлық ұсынылды.
Сайыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сертификаттар және бағалы сыйлықтар табысталды. Шараға арнайы қонақтар қатысып, қонақтарға арналған ас берілді.



