Әйел қыздар жамағатына арналған тағылымды кездесу өтті
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Түркістан-1 мешітінде әйел- қыздар жамағатына семинар өтті. Түркістан-1 мешіт ұстазы Балжан Сағымбектің ұйымдастыруымен Орамал күніне арналған рухани-танымдық семинар өтті. Семинарды мешіттің наиб имамы Марат Әмірұлы ашып берді.
Шараның негізгі мақсаты – ормалдың исламдағы орны мен мәнін түсіндіру, әйел баласының қадір-қасиетін арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен дін сабақтастығын насихаттау болды.
Семинар барысында арнайы шақырылған спикерлер: Алматы қаласы әйел- қыздар сектор жетекшісі Гулмира Лесбайқызы және Қонаев қаласының орталық мешіт ұстазы Ахмадиева Гулмира ормалдың парыз екендігі, оның әйелді кемітпей, керісінше абыройын асқақтататыны жайлы кеңінен тоқталды. Құран аяттары мен хадистерден нақты дәлелдер келтіріліп, қазіргі қоғамдағы ормал тақырыбына қатысты сұрақтарға жауап берілді.
Семинардың ерекшелігі: шәкірттер “Орамалым – тәжім” тақырыбына өлең шумақтарын арнап, жүлделі орын алулары болды.
Іс-шараға қатысқан қыз-келіншектер семинардан рухани әсер алып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Көпшілік үшін бұл кездесу иманды күшейтіп, жүрекке тыныштық сыйлаған пайдалы басқосу болды.
Семинар соңында ұйымдастырушыларға алғыс айтылып, осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген үміт білдірілді.



