preloader

Жаңалықтар

Кеңдала ауылында Құран жаттаушы шәкірттерге қорытынды емтихан өткізілді

Кеңдала ауылында Құран жаттаушы шәкірттерге қорытынды емтихан өткізілді

Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Кеңдала ауылының мешітінде Құран Кәрімді жаттап жүрген шәкірттерге арналған қорытынды емтихан ұйымдастырылды. Рухани шара шәкірттердің білім деңгейін саралап, Құран оқуға деген ынтасын арттыруды мақсат етті.

Емтиханнан кейін жамағатқа Құран оқудың артықшылығы мен оның мұсылман өміріндегі орны туралы тағылымды уағыз насихат айтылды. Атап айтқанда, Алматы қаласындағы Төле би мешітінің ұстазы Гүлзат Ақурпикова, Талғар ауданына жауапты маман Жанна Серғазы және Мысыр еліндегі Аль Азхар университетінің түлегі Хадиша ұстаз өз ойларын ортаға салып, қатысушыларға рухани насихат жүргізді.

Шара барысында мешітке қадам басқан барлық жамағатқа арнайы сыйлықтар үлестіріліп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

Аталған игі шара мешіт ұстазы Беріеханқызы Айдананың ұйымдастыруымен өткізіліп, мешіт имамы Шораев Нұрдаулеттің қолдауымен жүзеге асты. Жиын соңында жамағат ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Құран жолындағы осындай игі бастамалардың жалғасын табуына тілектестік танытты.