Алматы облысының бас имамы Жамбыл ауданында жамағатпен кездесті
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Жамбыл ауданына іс-сапармен келді. Сапар аясында аудандық «Шынасыл» мешітінде жамағатпен кездесу өтті. Кездесу барысында мешіт жамағаты тарапынан оқылған Құран хатымға қатысып, ел қорғаған батыр аталарымыз бен батыр аналарымыздың рухтарына Құран бағышталды. Одан кейін жамағатқа арнайы жайылған дастарханнан дәм ауыз тиіліп, ақсақалдар мен мешіт жамағатымен жүздесу ұйымдастырылды. Дастархан «Сәт» мешітінің имамы Серік ақсақалдың батасымен ашылды. Жиын барысында Алматы облысының бас имамы «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Қоғам үшін жастардың алатын орны» тақырыбында тағылымды сұхбат жүргізді. Сұхбатта жастар тәрбиесі, әдеп пен жауапкершілік, қоғамға қызмет етудің маңыздылығы туралы кеңінен айтылды. Шара соңында жамағат сұрақтарына жауап беріліп, мешіт ақсақалдарының ақ батасы жасалды.



