Арын қажы мешітінде «Орамал күніне» арналған рухани кеш өтті
Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Арын қажы мешітінде «Орамал күніне» орай тағылымды рухани кеш ұйымдастырылды. Шараға 80-ге жуық қыз келіншек қатысып, рухани мазмұны жоғары кездесу өтті.
Рухани кешке Алматы облысы әйел қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы, Іле ауданы әйел қыздар жетекшісі Зейнелханова Айсұлу Амангелдіқызы және арнайы спикер Айша Нартайқызы қатысып, әйел болмысы мен имандылық тақырыбында мазмұнды насихат жүргізді.
Кездесу барысында орамалдың әйел өміріндегі орны, ар ұят, көркем мінез және рухани кемелдік мәселелері кеңінен қозғалып, қатысушыларға жүрекке жетерлік ойлар айтылды. Сонымен қатар, кеш соңында жамағатқа арнайы хадиялар табысталып, өзара сыйлық алмасу арқылы бауырмалдық пен бірліктің үлгісі көрсетілді.
Аталған рухани кеш қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, әйел мәртебесін асқақтататын, имандылық пен ізгі құндылықтарды дәріптейтін мұндай игі шаралардың қоғам үшін маңызы зор екені атап өтілді.



