preloader

Жаңалықтар

Қонаев қаласындағы әскери бөлімде рухани кездесу өтті

Қонаев қаласындағы әскери бөлімде рухани кездесу өтті

 Алматы облысы Қонаев қаласындағы 58012 әскери бөлімінің инженерлік-саперлік полкінде рухани кездесу өтті.

Аталған кездесуге Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Құрбанов Бауыржан Омарұлы қатысып, әскери қызметшілермен «Отаншылдық» және суицидтің алдын алу тақырыптарында насихаттық әңгіме жүргізді.

Кездесу барысында Отанға адал қызмет етудің маңызы, елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайларда сабыр сақтау, рухани құндылықтарға сүйену мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар әскери қызметшілерге өмірдің қадірін бағалау, бір-біріне қолдау көрсету және рухани тұрақтылықты сақтау жөнінде тағылымды ойлар айтылды.