preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖАСТАР ІСІ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖАСТАР ІСІ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ

Алатау қаласында «Ислам және адал қоғам жылы» аясында жастар ісі бағыты бойынша әдістемелік жиын өтті. Іс-шараның мақсаты — жастармен жүргізілетін рухани-ағартушылық жұмыстарды жетілдіру, заманауи тәсілдерді енгізу және тәжірибе алмасу.

Жиынға ҚМДБ Жастар ісі секторының Алматы облысы бойынша жауапты маманы Құдайберген Шоқан қатысып, жастар тәрбиесінің өзектілігі, діни сауаттылықты арттыру, жат ағымдардың алдын алу және ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттау мәселелеріне тоқталды.

Басқосу барысында мешіттер жанындағы жастармен жұмыс тәжірибесі, тәрбие жұмыстарының жүйелілігі, әлеуметтік желінің ағартушылық рөлі және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ҚМДБ Жастар ісі секторының 2026 жылға арналған 35 іс-шара жоспары таныстырылды. Жоспар аясында рухани-танымдық кездесулер, қайырымдылық, спорттық және мәдени іс-шаралар, семинар-тренингтер өткізу көзделген.

Жиын соңында қатысушылар өңірлік тәжірибелермен алмасып, алдағы бірлескен жобалар мен жастармен жұмыс сапасын арттыру бағытында ұсыныстар білдірді.