preloader

Жаңалықтар

РАМАЗАН ҚАРСАҢЫНДА «РАМАЗАН – ҚҰРАН АЙЫ» АТТЫ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

РАМАЗАН ҚАРСАҢЫНДА «РАМАЗАН – ҚҰРАН АЙЫ» АТТЫ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ Алматы облысы, Іле ауданы, Жәпек батыр ауылы «Маметалы» мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айы қарсаңында «Рамазан – Құран айы» атты Құран жарысы өтті. Жарыс Құран Кәрімнің соңғы жарты парасы — Шамс пен Нас сүрелерін жатқа оқу бойынша ұйымдастырылды.

Іс-шараға Іле ауданының бас имамы Талғат Сүлейменов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс мешіт ақсақалының батасымен басталды. Қайырымдылық шарасы жомарт азаматтың марқұм әкесі Құдайбергенұлы Нұрлыбектің атынан өткізілді.

Жарысқа төрешілік жасағандар: Іле ауданының діни оқу-ағарту бағытына жауапты Сәкен Еншібайұлы, «Арын қажы» мешітінің ұстазы Хусниддин қари Акбаржанұлы және «Маметалы» мешітінің ұстазы Нұреддин қари Абдушукурұлы.

Додалы жарысқа «Маметалы» және «Жомарт» мешіттерінен 15 үміткер қатысты. Нәтижесінде:

  • І орын – Сәкен Сапарбайұлы (70 000 тг)

  • ІІ орын – Даулет Бекбосынұлы (50 000 тг)

  • ІІІ орын – Ерзат Қайратұлы (30 000 тг)

Шара соңында «Маметалы» мешітінің имамы Темірбек Пернебекұлы төрешілерге алғыс хат, ал қатысушыларға сертификаттар табыс етті.