АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН «РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ» РУХАНИ МАРАФОНЫ ӨТТІ
Алматы облысы, Алатау қаласына қарасты Ынтымақ шағынауданындағы мешітте қасиетті Рамазан айына дайындыққа арналған рухани марафон өтті. Іс-шара мешіт имамы Қуаныш Қасымханұлының бастамасымен және Алатау қаласы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Жиын Құран оқумен басталып, әйел жамағатының Рамазан айына рухани дайындығын арттыру, имандылық пен отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткізілді.
Шараға Алматы облысы әйел-қыздар секторының жауапты маманы Назерке Жаналиева және «7 Нүкте» Брайль үлгісіндегі білім беру орталығының ұстазы Айнұр Хумарбекқызы қатысып, Рамазан айының рухани маңызы жөнінде насихат айтты.
Сонымен қатар, іс-шара аясында ене мен келін сайысы ұйымдастырылып, отбасы бірлігі, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді ұлттық әрі исламдық құндылықтар насихатталды.
Шара соңында қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, рухани кеш жылы әсермен қорытындыланды.



