ІЛЕ АУДАНЫНДА ДІНИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Іле ауданында діни қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған оқу-әдістемелік семинар өтті. Іс-шараның мақсаты — заманауи діни ахуалға сай жұмыс жүргізу тәсілдерін жетілдіру және қоғаммен тиімді байланыс орнату дағдыларын дамыту.
Семинар барысында діни сауаттылықты арттыру, жастармен жұмыс жүргізу және әлеуметтік желілердегі ақпараттық-ағартушылық бағыт мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Оқу барысында Алматы облысы діни оқу-ағарту бөлімінің жауапты маманы Дәуренбек Жандосұлы, Іле ауданының бас имамы Талғат Абайұлы және Құран секторына жауапты маман Құдірет Рақымгелді дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысында мұндай іс-шаралардың діни қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, қоғамдағы жауапкершілігін күшейтуге және елдегі тұрақтылық пен келісімді нығайтуға оң әсер ететіні атап өтілді.





