АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАС ИМАМ РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы «Ислам және адал қоғам жылы» аясында қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын жүргізіп, аудан, қала бас имамдарымен арнайы жиын өткізді.
Жиын барысында алдағы Рамазан айында атқарылатын рухани-ағартушылық, қайырымдылық және әлеуметтік бағыттағы жұмыстар кеңінен талқыланды. Бас имам Рамазан айының жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Атап айтқанда, мешіттерде тарауық намазын жүйелі ұйымдастыру, жамағатқа сапалы діни уағыз-насихат жүргізу, мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмектерін үйлестіру, жастар және әйел-қыздар жамағатымен жұмысты жандандыру мәселелері тапсырылды.
Сондай-ақ, Рамазан айында қоғамдық тұрақтылықты сақтау, жат ағымдардың алдын алу, жамағаттың діни сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.
Жиын қорытындысында бас имам қасиетті айда халыққа сапалы діни қызмет көрсету, мешіттердің ұйымдастырушылық жұмыстарын күшейту және «Ислам және адал қоғам жылы» аясындағы жобаларды белсенді жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.





