preloader

Жаңалықтар

AЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ИСЛАМДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ МЕН ОТБАСЫНДАҒЫ ОРНЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

AЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ИСЛАМДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ МЕН ОТБАСЫНДАҒЫ ОРНЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Алматы облысы аумағында әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Исламдағы әйел мәртебесі мен отбасындағы орны» атты облыстық конференция өтті. Аталған шара қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайту, әйел мәртебесін айқындау және рухани тәрбие мәселелерін кеңінен насихаттауға бағытталды.

Конференция барысында ислам дініндегі әйелдің қоғамдағы және отбасы институтындағы орны, оның жауапкершілігі мен қадір-қасиеті жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтар, рухани тәрбие және ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлі кеңінен қозғалды.

Шараның ерекше әрі тағылымды сәттерінің бірі – 97 жастағы қари әженің арнайы қатысып, ақ батасын беруі болды. Бұл – ұрпақ сабақтастығы мен рухани жалғастықтың айқын көрінісі ретінде қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Жиында мазмұнды баяндамалар жасалып, тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты. Атап айтқанда, спикер ретінде Құралай Жарбол және исламтанушы Ғажап Жайнагүл баяндама жасап, исламдағы әйел мәртебесі, отбасы құндылықтары және қазіргі қоғамдағы рухани тәрбиенің маңыздылығы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Шара аясында дін қызметкерлері мен сала мамандары қатысушылармен пікір алмасып, өзекті сұрақтарға жауап берді. Мұндай кездесулер қоғамдағы отбасы институтын нығайтып, әйелдің қоғамдағы және отбасындағы орнын айқындай түсуге бағытталған маңызды рухани алаң болып табылады.