preloader

Жаңалықтар

РУХАНИЯТ ПЕН СПОРТ ҮНДЕСТІГІ: облыстық жарыстағы жүлделі орын

РУХАНИЯТ ПЕН СПОРТ ҮНДЕСТІГІ: облыстық жарыстағы жүлделі орын

Имам Біләл Мейірлан Алматы облыстық шаңғы жарысы чемпионаты аясында өткен 31–40 жас аралығындағы спортшылар бәсекесінде жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұл жетістік дін қызметкерлерінің тек рухани салада ғана емес, салауатты өмір салтын насихаттауда және спортта да белсенді екенін көрсетеді. Сонымен қатар бұл жеңіс жастарды спортпен шұғылдануға, денсаулықты нығайтуға және белсенді өмір салтын ұстануға шақыратын жарқын үлгі болып табылады.

ҚМДБ жүйесінде қызмет атқаратын дін қызметкерлері қоғамда рухани құндылықтармен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыруға да үлес қосып келеді.