preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданында студенттермен рухани кездесу өтті

Талғар ауданында студенттермен рухани кездесу өтті

Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан Алматы экономика-құқық және педагогикалық колледжінің студенттерімен тағылымды кездесу өтті.

Кездесу барысында «Жастар және Рамазан» тақырыбында еркін сұхбат ұйымдастырылып, қасиетті айдың рухани маңызы, жастардың қоғамдағы орны мен тәрбиесі туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.

Шара соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы, Талғар ауданы дін қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 40 студентке арнайы ауызашар себеттері табысталып, қасиетті Рамазан айымен құттықталды.

Тағылымды кездесу жастардың рухани тәрбиесін нығайтып, қасиетті Рамазан айының құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталды.