preloader

Жаңалықтар

«Рамазан – Құран айы» атты Құран сайысы өтті

«Рамазан – Құран айы» атты Құран сайысы өтті

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Төңкеріс ауылында жасөспірім мешіт шәкірттері арасында «Рамазан – Құран айы» атты Құран жарысы ұйымдастырылды.

Бұл игі шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен төрт бағыттың бірі – оқу-ағарту бағытының Құран секторының жылдық жоспары аясында өткізілді. Сайыстың басты мақсаты – жас буынды Құран Кәрімді жаттауға ынталандыру, олардың діни білімін арттыру және қасиетті кітапқа деген құрметті күшейту.

Білім сайысының арнайы қонағы болған Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы алғы сөзінде Рамазан айының Құран түскен қасиетті ай екенін атап өтіп, Құранды оқу мен жаттаудың мұсылман үшін үлкен сауапты амал екенін айтты. Сондай-ақ жарысқа қатысушы шәкірттерге ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.

Сайыс Құранның 30-парасын жатқа оқу бойынша өтіп, оған ауыл мешіттерінен келген 22 жас шәкірт қатысып, өзара бақ сынасты.

Жүлделі орын иегерлері:

🥇 І орын – 70 000 теңге

Османов Мұхаммед Әли – Гүлахмет ата мешітінің шәкірті

🥈 ІІ орын – Ғабитұлы Садуақас – Туғанбай ауылдық мешіті

🥉 ІІІ орын – Бақберген Айбек – Зәм-зәм мешіті

Сонымен қатар екі жас қариға 20 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы табысталды:

• Умаров Сайд Камалдинұлы (8 жас)

• Қайрат Али Азаматұлы (6 жас)

Бұдан бөлек жарысқа белсенді қатысқан тағы бес қариға көрермен көзайымы ретінде 10 000 теңгеден сыйақы берілді.

Рухани шара соңында жамағат жас қариларға ақжарма тілектерін айтып, Құран ілімін үйренуге деген құлшыныстары арта түсуіне тілектестік білдірді.

Алла Тағала қасиетті Құранды жүректерімізге нұр етіп, оны оқып, үйреніп, амал етуді баршамызға нәсіп етсін!