“Рамазан сыйы” республикалық марафоны жалғасын табуда
Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық пен қамқорлық шаралары жалғасын табуда. Алматы облыстық Қапшағай орталық мешітінде мұқтаж жандарға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, 100 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.
Аталған игі шара аясында жалғыз басты аналарға, мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарға және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға Рамазан сыйы үлестірілді. Қайырымдылық көмегі мұқтаж жандардың тұрмыс-тіршілігіне қолдау көрсету, қасиетті айдағы ізгілік пен мейірімділікті арттыру мақсатында жүзеге асырылды.
Шара барысында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы жиналған жамағатқа насихат айтып, Рамазан айының берекесі мен қайырымдылықтың маңызына тоқталды. Сондай-ақ ол қасиетті айда мұқтаж жандарға қол ұшын беру – үлкен сауапты іс екенін атап өтті.



