preloader

Жаңалықтар

«Рамазан – адал қоғамды қалыптастыру айы» аясында Талғар ауданында әйел-қыздардың семинары өтті

«Рамазан – адал қоғамды қалыптастыру айы» аясында Талғар ауданында әйел-қыздардың семинары өтті

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Әйел-қыздар секторының жылдық жоспарына сәйкес Талғар ауданында «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыру айы» тақырыбында әйел-қыздардың ауызашар кездесуі ұйымдастырылды.

Берекелі жиында қасиетті Рамазан айының тәрбиелік мәні кеңінен насихатталып, адам бойындағы адалдық қасиетінің маңызы туралы айтылды. Кездесуде адалдық – Алла Тағаланың пендесіне берген үлкен нығметі әрі асыл сипаттардың бірі екені атап өтіліп, мұсылман баласы үшін Аллаға адал болу, отбасында адалдықты сақтау, ағайын-туыс пен қоғамда сенімділік пен шынайылықты ұстану – имандылықтың айқын көрінісі екені түсіндірілді.

Рухани басқосуда нәзік жандылар қасиетті Рамазан айының тағылымы туралы ой бөлісіп, пайдалы насихат тыңдады. Жиын соңында қатысушылар жылы әсермен тарқап, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды.