preloader

Жаңалықтар

«Рамазан – береке мен сауап айы» атты рухани-танымдық кездесу өтті

«Рамазан – береке мен сауап айы» атты рухани-танымдық кездесу өтті

Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласында әйел-қыздар жамағатының қатысуымен «Рамазан – береке мен сауап айы» атты рухани-танымдық мәжіліс өтіп, игі шара аясында Құранға түсу рәсімі ұйымдастырылды. Талғар аудандық әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен тағылымды кездесуге мешіттерде діни сауат ашып, араб әліпбиін меңгеріп, тәджуид қағидаларын сақтай отырып Құран оқуды үйренген шәкірттер қатысты. Рамазан айының нұрлы кешінде өткен бұл жиын жамағаттың жүрегіне иман нұрын себіп, ерекше рухани әсер сыйлады. Кездесу барысында ұстаздар шәкірттерді қасиетті айдағы игі қадамдарымен құттықтап, Құран Кәрімді үйренудің және оны оқып-үйретудің сауабы мен рухани мәні жайында әсерлі насихат айтты. Өйткені Құран – мұсылманның жүрегіне шипа, өміріне бағдар, иманына нұр сыйлайтын қасиетті кітап. Жиын соңында Құран үйреніп жүрген әйел-қыздар жамағаты өздеріне білім беріп, діни сауат ашуға жол көрсеткен ұстаздарына алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді. Осындай рухани басқосулар жамағаттың бірлігін нығайтып, жүректерге иман шуағын ұялататыны анық.