preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданында «Рамазан – Құран айы» атты Құран жарысы өтті

Райымбек ауданында «Рамазан – Құран айы» атты Құран жарысы өтті

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Алматы облысы өкілдігі «Діни оқу-ағарту» бағыты мен «Құран секторы» бөлімінің тапсырмасына сәйкес Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінің бас имамы Азамат Бексұлтанұлының ұйымдастыруымен ауданға қарасты мешіттерде білім алып жүрген шәкірттер арасында «Рамазан – Құран айы»тақырыбында Құран жарысы өтті.

Байқауға жалпы саны 15 шәкірт қатысып, өз бақтарын сынады. Нәтижесінде шәкірттер Махатұлы Нұрмұханбет, Бөденбай Айқын, Қали Аңсар жүлделі орындарға ие болды. Ал өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Жарысқа ауданның наиб имамы Әлғожа Көпірәлі, «Досалы баба» мешітінің имамы Алжанбай Абзал және ұстаз Шәкенұлы Нұрсұлтан әділ қазылық жасап, шәкірттердің Құран оқу деңгейін бағалады.

Тағылымды шара жоғары деңгейде өтіп, шәкірттердің Құранға деген құрметін арттырып, рухани серпін берді.