Ұйғыр аудандық мешітінде «Рамазан – Құран айы» атты Құран жарысы өтті
Ұйғыр аудандық мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай жамағат арасында «Рамазан – Құран айы»атты Құран сайысы ұйымдастырылды. Байқау ад-Духа сүресінен Нас сүресіне дейінгі аяттарды жатқа оқу бойынша өткізілді. Шараның басты мақсаты – жамағат арасында Құранға деген сүйіспеншілікті арттыру, жастарды қасиетті кітапты оқуға, жаттауға және оның мағынасын терең түсінуге шақыру. Алла Тағала қасиетті Құранда:
«Рамазан айы – адамдарға тура жол көрсететін, ақ пен қараны ажырататын Құран түсірілген ай»
(Бақара сүресі, 185-аят) деп баяндайды. Сондықтан мұсылман үмбеті үшін Рамазан – Құранмен қауышатын, оны оқып, түсініп, өміріне енгізетін ерекше берекелі ай.
Сайыс нәтижесінде үздік шыққан қатысушылар анықталып, жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 І орын – Нұрқасымбаев Бақтияр (70 000 теңге)
🥈 ІІ орын – Мирзалиев Амир (50 000 теңге)
🥉 ІІІ орын – Супиев Шавкат (30 000 теңге)
Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Мұндай игі шаралар жамағаттың Құранға деген құрметін арттырып, Рамазан айының рухани құндылығын терең сезінуге мүмкіндік береді.



