preloader

Жаңалықтар

«Рамазан тәттісі» қайырымдылық шарасы өтті

«Рамазан тәттісі» қайырымдылық шарасы өтті

Алматы облысы, Іле ауданы, Жәпек батыр ауылы «Маметалы» мешітінің имамдарының ұйымдастыруымен және жомарт жандардың демеушілігімен «Рамазан тәттісі» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Шара аясында №1 облыстық балалар үйіндегі 105 балаға және «Перзент» балалар үйіндегі 25 балаға арнайы Рамазан тәттілері таратылды. Балалардың қуанышын арттыру мақсатында түрлі тәттілер мен сыйлықтар ұсынылды.

Сонымен қатар Әмина апамызға және балалар үйінде қызмет ететін апайларға @tattim_coffee тарапынан дайындалған тәтті торттар сыйға берілді.

Ұйымдастырушылар осы игі іске қолдау көрсеткен барлық жомарт жандарға алғысын білдіріп, жасаған қайырымдылықтары үшін Алла Тағаладан разылық тілейтіндерін жеткізді.