preloader

Жаңалықтар

ЫСТАМБҰЛДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

ЫСТАМБҰЛДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Алматы облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Түркияның Ыстамбұл қаласында қазақстандық студенттерге арналған берекелі ауызашар дастарханы жайылды.

Рухани кеш ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі, «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Абдурашит Зиядинұлының ұйытқы болуымен өтті. Игі шара Алматы облысы мешіттерінің демеушілігімен жүзеге асты.

Ауызашарға Ыстамбұл қаласындағы беделді жоғары оқу орындары – Мармара және «29 мамыр» университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты.

Кеш барысында Абдурашит Зиядинұлы жиналған жастарға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, ақ батасын берді. Сонымен қатар шетелде білім алып жүрген жастардың басты мақсаты – сапалы білім алып, ел игілігіне қызмет ету екенін атап өтті.

Рухани кеш соңында елден жырақта жүріп, бауырлас жандардың қамқорлығын сезінген студенттер ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.