preloader

Жаңалықтар

Алатау қаласында «Рамазан тәттісі» қайырымдылық шарасы өтті

Алатау қаласында «Рамазан тәттісі» қайырымдылық шарасы өтті

Алматы облысының Алатау қаласында қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан тәттісі» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара Алатау қалалық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде өтті.
Игі бастама мешіт ұстазы Бақытнұр Төлеуқызы мен Алматы облыстық орталық мешітіне қарасты «7 нүкте» Брайль білім беру орталығының ұстазы Айнұр Хумарбекқызының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Іс-шара барысында жамағатқа Рамазан тәттілері таратылып, рухани насихат айтылды. Шараға Алматы облысы әйел-қыздар секторының меңгерушісі Назерке Әкішқызы арнайы қатысып, әйел-қыздар жамағатына Рамазан айының маңызы мен адамгершілік құндылықтар туралы уағыз-насихат жүргізді. Сонымен қатар, Алатау қаласы Ынтымақ шағынауданындағы мешіт ұстазы Гүлжанат Акишевна да қатысып, жиналған қауымға ізгі тілегін білдірді.
Іс-шараны Алатау қаласы мәдениет үйінің басшысы Анар Серікқызы жүргізді. Шараның жоғары деңгейде өтуіне Алатау қаласы Жастар ресурстық орталығы да қолдау көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай рухани-танымдық кездесулер қоғамдағы бірлік пен мейірімділікті нығайтып, Рамазан айының тәрбиелік мәнін кеңінен насихаттауға бағытталған.