preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында Рамазан айында дәстүр дәріптелді

Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында Рамазан айында дәстүр дәріптелді

Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында қасиетті Рамазан айы аясында ұлттық дәстүрді дәріптеуге бағытталған тағылымды шара ұйымдастырылды.

«Kazdobrokz» қайырымдылық қорының қолдауымен Көрісу күні (Амал мерекесі) қарсаңында арнайы ауызашар дастарханы жайылып, оған тұрмысы төмен отбасылар мен ерекше балалар қатысты.

Ауызашар барысында Тұздыбастау ауылдық мешітінің имамы Нұржан Пірәліұлы қатысушыларға насихат айтып, Наурызнама күндерінің ауызбіршілік пен татулықты нығайтудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, исламдағы отбасы құндылықтары мен дәстүр сабақтастығының қоғам өміріндегі орнына тоқталды.

Шара аясында қатысушылар арасында ұлттық ойындар мен түрлі сайыстар ұйымдастырылып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кеш соңында жиналған жамағатқа азық-түлік себеттері таратылып, Құран бағышталып, бата жасалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі шаралар қоғамдағы мейірімділік пен бірлікті арттырып, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға өз үлесін қосады.