preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданында мешіт қызметкерлеріне қаржылай көмек көрсетілді

Талғар ауданында мешіт қызметкерлеріне қаржылай көмек көрсетілді

Алматы облысы, Талғар аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінде мешіт қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында бір реттік қаржылай көмек берілді.

Аталған игі шара облыс имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының дін қызметкерлерін қолдау, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.

Шара барысында Талғар аудандық мешіт ұжымының 7 қызметкеріне 50 000 теңге көлемінде қаржылай көмек сертификаттары табысталды.

Бұл қолдау – дін қызметкерлерінің еңбегіне көрсетілген құрмет әрі олардың қызметіне серпін беретін маңызды қадам.