Алатау қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Алатау қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, адалдық пен әділдік қағидаларын дәріптеу, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығы мәселелері кеңінен талқыланды. Бас имам өз сөзінде «Ислам және адал қоғам» жылының негізгі мақсаты – қоғамда ізгілік, парасаттылық және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру екенін атап өтті.
Жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері де өз ойларын ортаға салып, қазіргі қоғамдағы рухани-адамгершілік тәрбиенің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау жолындағы бірлескен жұмыстардың маңызы ерекше екені айтылды.
Кездесу барысында өзара пікір алмасу өтіп, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Аталған кездесу – қоғамда адалдық қағидаларын нығайтуға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды шаралардың бірі.


