Алатау қаласында дін қызметкерлерімен кездесу өтті
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Алатау қаласындағы «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде дін қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында бас имам дін қызметінің маңыздылығына тоқталып, бұл жолдың үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететінін атап өтті. Сонымен қатар, имамдарға қоғамға сапалы қызмет көрсетудің, халықпен тығыз байланыста болудың және рухани ағартушылық жұмыстарды жүйелі жүргізудің маңызын жеткізді.
Жиын аясында Қапшағай орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы сөз сөйлеп, діни қызметке қатысты концептуалды құжаттарды кеңінен түсіндірді. Ол құжаттардың негізгі бағыттарына тоқталып, олардың практикалық маңызы жөнінде нақты ақпарат берді.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.


