preloader

Жаңалықтар

“Әжелер мектебі – қызға қырық үйден тыйым” тақырыбында семинар өтті

“Әжелер мектебі – қызға қырық үйден тыйым” тақырыбында семинар өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы өкілдігі тарапынан «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында кезекті тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

Райымбек ауданына қарасты Талас ауылындағы «Талас баба» мешітінде «Әжелер мектебі – қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында кездесу-семинар өтті.

Шараға мешіт имамы, аналар кеңесінің төрайымы, мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі, ауыл әжелері мен жоғары сынып қыздары қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді насихаттау, қыз бала тәрбиесіндегі әженің рөлін дәріптеу, үлкен мен кіші арасындағы сабақтастықты нығайту.

Семинар барысында қатысушылар қазақ халқының тәрбиелік мәні терең тағылымдары жайында ой бөлісіп, қыз баланың әдебі, инабаттылығы мен жауапкершілігі туралы пікір алмасты. Әжелер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас буынға ақыл-кеңестерін жеткізді.