ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты мешіттерде кең көлемде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Игі шара барысында мешіт қызметкерлері мен жамағат бірлесе отырып, мешіт аулаларын тазалап, айналаны ретке келтірді. Қоршаған ортаны көркейтуге бағытталған бұл бастамаға белсенділік танытқан тұрғындар өз үлестерін қосты.
Ислам діні тазалықты иманның бір бөлігі ретінде қарастырып, табиғатты аялауға үндейді. Осы тұрғыда өткізілген сенбілік тек тазалық жұмыстары ғана емес, сонымен қатар жастарға үлгі-өнеге көрсететін тәрбиелік маңызы зор іс-шара болды.
Ортақ еңбек арқылы жамағат арасында ауызбіршілік артып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімі нығая түсті.
Таза орта – баршамызға ортақ міндет.


