preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш егу шарасы өтті

Райымбек ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш егу шарасы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және адал қоғам» жылы аясында және ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай, Алматы облысы Райымбек ауданында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны шеңберінде өткен шара барысында аудан мешіттері мен ауылдық саябақтарға тал-терек егу жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша жоспарланған «35 мың түп ағаш егу» бастамасына Райымбек ауданының дін қызметкерлері мен ерікті жамағаты белсене атсалысты.

Аудан бойынша егілген ағаш көрсеткіштері:

Акция аясында ауданға қарасты мешіттер төмендегідей үлес қосты:

  • «Әбдіғали Жетенұлы» мешіті – 30 түп;

  • «Саудабай» мешіті – 50 түп;

  • «Досалы баба» мешіті – 20 түп;

  • «Ұзақ батыр» мешіті – 20 түп;

  • «Сегіз сары» мешіті – 20 түп;

  • «Жәзілбек молда» мешіті – 20 түп;

  • «Ниязбек қажы» мешіті – 20 түп.

Жалпы есеппен аудан бойынша 180 түп жас көшет мешіт аулалары мен елді мекендердегі саябақтарға отырғызылды.