«Нұр Мүбарак» университетінің бітіруші түлектерімен кездесу өтті
Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті 2026 жылғы бітіруші түлектерімен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Алматы облысы «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы, Алматы облысы оқу-ағарту және кадр даярлау бөліміне жауапты маман Дәуренбек Жандосұлы және Үшқоңыр медресе колледжі директоры Мәди Тәттібаев қатысты.
Кездесу барысында облыс өкілдері жас мамандарға арналған бос орындар, кадрлық резерв және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Дәуренбек Жандосұлы облыс мешіттеріндегі білікті кадрларға деген сұранысты атап өтсе, Мейрамбек Ақылбекұлы имамдық қызметтің жауапкершілігі мен қоғамдық маңызына тоқталды. «Үшқоңыр» медресесінің директоры Мәди Тәттібаев бітіруші түлектерді ел игілігі жолында аянбай еңбек етуге, діни ағарту жұмыстарын жандандыруға шақырды.
Қонақтар түлектерді ел игілігі үшін еңбек етуге шақырып, мешіттерде қызмет атқаруға ұсыныс білдірді.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, облыстағы діни қызметке орналасу бойынша нақты бағыт-бағдар алды.


