preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы бас имамы аудан ақсақалдары мен әжелері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Алматы облысы бас имамы аудан ақсақалдары мен әжелері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Алматы облысы Райымбек ауданында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы аудан ақсақалдары, әжелері және зиялы қауым өкілдерімен тағылымды кездесу өткізді.

Кездесуге «Аталар мектебі» мен «Әжелер мектебінің» мүшелері қатысып, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту, сондай-ақ жастардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиын барысында Мадияр қажы Тағайбайұлы қазақ халқының салт-дәстүрі мен ислам құндылықтарының сабақтастығына тоқталып, өскелең ұрпақты имандылыққа, отансүйгіштікке, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар ақсақалдар мен әжелердің қоғамдағы, әсіресе жастар тәрбиесіндегі орны ерекше екендігі айтылып, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі ақыл-кеңестерінің жас буынның дұрыс қалыптасуына қосатын үлесі сөз болды.

Кездесу соңында қатысушылар жастар тәрбиесі бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жалғастыруға уағдаласып, ел бірлігі мен рухани құндылықтарды нығайту жолында атқарылатын игі істерге тілектестік білдірді.